Гүлбакира Өміртаеваның жалпы еңбек өтілі 35 жыл, оның ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеші болып 9 жыл еңбек етеді. Білікті маман жұмыс барысында әдістемелер мен технологиялар: тілдік ортаға бойлау, Воскобовичтің дамыту ойындары, жобалық іс-шаралар, денсаулық сақтау технологиялары, кинезиологиялық жаттығулар, ойын технологиялары, «сөйлейтін қабырғалар» және тағы басқаларын кеңінен қолданады.
«Бүгінде көбінесе мектепалды даярлық топтарымен жұмыс жасаймын. Жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім және тұлғалық қасиетті қалыптастыру мақсатында отбасын қадірлеу, ата-ананы сыйлап, құрметтеу, Отанды сүюге баулып, ұлттық құндылықтарымызды пайдалана отырып тәрбиелеуге күш саламын. Бұл ретте ертегілерді, түрлі ойындарды қолданамын», - дейді Гүлбакира Өміртаева.
Педагог бала тәрбиесі жолындағы жетістіктері үшін келесі марапаттарға ие: ҚР ПІБ құрмет грамотасы, Медициналық орталығының алғыс хаты, Астана қаласы әкімінің құрмет грамотасы.