Басты бетАҢДАТПА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА...

АҢДАТПА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

АҢДАТПА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ АҢДАТПА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ

     ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» түріндегі іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. 2023 жылғы 28-30 наурыз аралығында Ақмола облысына іссапар жоспарланып отыр. Бұған дейін Медицина орталығының делегациясы Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында болып қайтты. Сапардың басты мақсаты - ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Ақмола облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

     Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтер және т.б. мамандар бар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасайды. Медициналық орталығының басқа қарасты ұйымдары – Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз бағыттарына қатысты оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.


     Сондай-ақ, сапар барысында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы және Ақмола облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы жоспарланып отыр.

     Медициналық орталықтың бұл бастамасы өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

     Осы форматтағы іс-шаралар биыл еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.

     Қосымша ақпарат алу үшін: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06