Басты бет8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті

     Шараға балабақшаның алғашқы директоры, еңбек сіңірген педагог, құрметті ұстаз Гүлнара Абдуллина, сонымен қатар ардагерлер де шақырылды.

     Салтанатты іс-шараны ашқан «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Казақпаева нәзік жанды әріптестерін көктем мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, жұмыста табыс, отбасыларына береке-бірлік тіледі. Сондай-ақ ардагерлерге ұжым атынан балабақшаның дамуына, мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

    «Қарлығаш» балабақшасының алғашқы директоры Гүлнара Абдуллина өз кезегінде ұжымға жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, мерекелік көңіл күй, еңбекте табыс тіледі. Балабақшаның бас тәлімгері Ынтымақ Балабеков әйелдер қауымын құттықтап, денсаулық пен амандық тіледі. Ардагерлердің атынан Күнсұлу Сейдахметова да өзінің жылы лебізін білдірді.

     Шара аясында халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектепке дейінгі білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, еңбектегі табыстары мен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен логопед Алма Курхаева марапатталды.

     ҚР ПІБ Медициналық орталығының Құрмет грамотасымен Гүлнара Пшембаева – кастелянша, Марина Полищукова – педагог-психолог, Айгүл Түкешова – тәрбиеші, Жұлдызай Жақсыбаева – завхоз және бухгалтер Алтын Әбішева  марапатталды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының Алғысымен жетекші экономист Әлия Қазали марапатталды. Сондай-ақ, 12 қызметкерге «Қарлығаш» балабақшасы директорының Алғыс хаттары табысталды.

    Бұл күні сондай-ақ түрлі ойындар ұйымдастырылып, ән шырқалды, ерлер қауымы өздерінің ізгі тілектерін білдірді.