«Қарлығаш» балабақшасының ресурстық-білім беру орталығының әдіскерлері «Қысқы ертегі» қардан жасалған мүсіндер байқауын бүлдіршіндердің қимыл-қозғалыс және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырды. Оған мектеп жасына дейінгі топтардың балалары қатысты. Балалар тәрбиешілердің жіті бақылауымен алдымен фигуралардың жобасын дайындап алды, содан кейін қажетті қарды жинап алып, мүсіндерді жасауға кірісті. Содан кейін оларды су шашып, бояулармен бояп, әртүрлі материалдармен безендірді.
Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ, әр жұмыс өздігінше ерекше. Үздік мүсінді анықтау кезінде алдымен қатысушылардың шығармашылық қабілеті, креативтілік пен идеяның өзіндік ерекшелігі ескерілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша №1 нысанның «Айналайын» және «Ақжелкен» топтары Гран-при иегері атанды. Бірінші дәрежелі дипломға №3 объектінің «Айгөлек» тобының балалары лайық деп танылды. Екінші дәрежелі дипломмен №3 объектіден «Балбөбек», «Аяулым» және «Балдәурен» топтары марапатталды. Үшінші орында №1 объектіден «Барыс», «Сәулем-ай» және «Жұлдыз», сондай-ақ №2 объектіден «Күншуақ» тобы. Қалған топтар сертификаттармен марапатталды.
«Қардан мүсін жасау балалардың қысқы серуенін түрлендіре түсті. Осылайша біз тәрбиеленушілердің таза ауада өткізу уақытын ұтымды ұйымдастырдық. Байқаудан кейін балалар өз қолдарымен жасаған мүсіндерді пайдаланып, ойын және қозғалыс белсенділігін арттырды», – дейді Ресурстық-білім беру орталығының әдіскері, педагог-зерттеуші Татьяна Забажанова.