2023 жылғы 22-23 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері» форматындағы іс-шаралар шеңберінде «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында болып, жұмысымен танысты.
22 ақпанда Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) №17 «Достық» балабақшасының жұмысымен танысып, кинетикалық құм, құрғақ душ, логопед кабинеті, ЛФК, емдік сауықтыру массажы, дефектолог кабинетін аралады. Келесі объект мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған) №37 «Айгерім» балабақшасында делегация өкілдеріне Монтессори элементтері, фиброоптикалық талшықтар, құм-терапиясы, кинетикалық құм, құрғақ душ, «Көңіл күй» интерактивті колоннасының жұмысын көрсетті.
Сапар аясында «Қарлығаш» балабақшасының делегациясы Шымкент қаласындағы «Bambini-Монтессори» бөбекжай балабақшасындағы Монтессори сыныптары, бассейн, арт терапия, бейнелеу студиясы, логопед, ЛФК, емдік массаж кабинеттерінің жұмысымен танысты.
23 ақпан күні №56 «Тұлпар» мемлекеттік бөбекжай бақшасында өткен дөңгелек үстел жұмысына «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері және Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты. Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Кульзина Уалиханова мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына тоқталып, кездесудің келешекте ынтымақтастықты орнату және тәжірибе алмасу контекстіндегі маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел аясында «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева «Желілік балабақша моделі» тақырыбындағы презентациясын ұсынып, балабақшаның атқаратын қызметі, оқытудың инновациялық әдістері, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды. «Қарлығаш» балабақшасының №1 нысанының меңгерушісі Нұрғайша Сағиджанова «Іс-тәжірибедегі инновация» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, «Қарлығаш» балабақшасының инновациялық әдіс-тәсілдермен, тәрбиені ұйымдастыруда қолданылатын тиімді тәжірибелермен бөлісті.
Стратегиялық дамыту және инновациялар секторының меңгерушісі, Ресурстық-білім беру орталығының әдіскері Құралай Түсіпова «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын бағалау үшін ЕCERS-3 шкаласын қолдану» презентациясында осы әдістемені қолданудағы тәжірибемен бөлісті. Презентация соңында Құралай Түсіпова жиналғандармен кері байланыс орнату мақсатында белсенділік сағатын ұйымдастырды.
Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен өткен кездесулер аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева балабақшаның заманауи қызметтерді көрсететін республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігін атап өтті.
«Қарлығаш» балабақшасы ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде Қазақстанның өзге де өңірлерінде өткізу жоспарланған.