ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының 2-ші нысанында ұйымдастырылған мейірбан ата-аналар клубының кездесуі «Ерте жастан бастап денсаулық мәдениетін қалыптастыру – болашақтағы сәттіліктің кепілі» тақырыбында өтті.
Іс-шараны ұйымдастыруға балабақша әдіскері, педагог-мамандар, тәрбиешілер мен дәрігер жұмылдырылды. Қатысушылар – орта, ересек және мектепалды дайындық топтарының ата-аналары мен балалары.
Шара аясында «сұрақ-жауап» форматында денсаулық тақырыбында сұрақтар қойылды, ата-аналар мен балалардың қатысуымен флешмоб, спорттық сайыстар, танымдық ойындар және ойын-сауық тыныс алу гимнастикасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ата-аналарға тұз шахтасы, инфрақызыл сауна мен Сheck-up кабинетінің жұмысымен танысуға мүмкіндік берілді. Ауқымды шара соңында музыкалық терапияны қолдана отырып, ата-аналар мен балалар үшін релаксация ұйымдастырылып, кездесу қорытындысы бойынша рефлексия жүргізілді. Ата-аналар өз кезегінде ұйымдастырушыларға қызықты және пайдалы кездесу үшін алғыстарын білдірді.