Басты бетДүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күні

 ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған іс-шаралар өтті.

 

  Балабақшаның барлық объектілерінде ата-аналарға аутизм туралы ақпарат беру мақсатында буклеттер әзірленді. Ересек және мектепалды даярлық топтары ерекше балалар туралы ақпарат алып, олардың мінез-құлқы туралы баяндалған мультфильмді тамашалады. Сондай-ақ, ата-аналар «Біз басқамыз, бірақ біз теңбіз» тақырыбында сурет салып, аутизм белгілері бар балалармен қарым-қатынас құру,  отбасында осындай диагнозы бар баланы тәрбиелеу туралы әңгіме өрбітті.

 

  Бұл күні балалар мен ата-аналар көк түсті киім киіп, көк ленталар байлады, себебі көк түс аутизмнің халықаралық символы болып саналады. Іс-шараның мақсаты – аутизм спектрінің бұзылуының алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы туралы хабардар ету мен салауатты өмір салтын насихаттау.