Мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығының негізі қаланады, оның қарқынды өсуі мен дамуы қалыптасып, қажетті дағдылар мен әдеттер, негізгі физикалық қасиеттер қалыптасып, мінез-құлық белгілері дамиды.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында күнделікті жаттығулар, дене шынықтыру және би сабақтары, таза ауадағы ойындар міндетті болып табылады. Педагогтер баланың денсаулығын сақтау маңызды екендігін, алайда оларды салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулығын сақтауға үйрету мыңыздырақ екендігін атап өтті.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында балабақшада бүлдіршіндерге денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен пайдасы туралы түсіндіріліп, көңілді де қызықты дене шынықтыру минуттары, түрлі ойындар және тағы басқалары іс-шарал ұйымдастырылды.
Бұл іс-шаралардың мақсаты – балаларда салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы түсінігін қалыптастыру, денсаулығына қамқорлық жасауға үйрету, емделуден қорықпауға шақыру, балалардың қозғалыс белсенділігін қалыптастырып, физикалық денсаулығын нығайту