Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдары...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады

22 ақпанда Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) №17 «Достық» балабақшасының және мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған) №37 «Айгерім» балабақшасының және «Bambini-Монтессори» бөбекжай балабақшасының жұмысымен танысады.

23 ақпан күні №56 «Тұлпар» мемлекеттік бөбекжай бақшасында дөңгелек үстел өтеді деп жоспарланған. Оған «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері және Шымкент қаласының  мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысады. Дөңгелек үстел аясында «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева балабақшаның атқаратын қызметі, оқытудың инновациялық әдістері, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталады. «Қарлығаш» балабақшасының №1 нысанының меңгерушісі Нұрғайша Сағиджанова мен стратегиялық дамыту және инновациялар секторының меңгерушісі Құралай Түсіпова  шеберлік сағатын өткізіп, «Қарлығаш» балабақшасының инновациялық әдіс-тәсілдерімен, тәрбиені ұйымдастыруда қолданылатын тиімді тәжірибелермен бөлісетін болады.

Өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесудің басты мақсаты – «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.

«Қарлығаш» балабақшасы ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде еліміздің өзге де өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі: https://qazaqjoly.kz