Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қа...

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

Бүгін «Қарлығаш» балабақшасының делегациясы Шымкент қаласындағы «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында №56 «Тұлпар» мемлекеттік бөбекжай бақшасында болып, дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Шымкент қаласының  мектепке дейінгі ұйымдарының 30-ға жуық педагогтері қатысқан шара аясында «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева «Желілік балабақша моделі» тақырыбындағы презентациясын ұсынып, балабақшаның атқаратын қызметі, оқытудың инновациялық әдістері, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды. «Қарлығаш» балабақшасының №1 нысанының меңгерушісі Нұрғайша Сағиджанова «Іс-тәжірибедегі инновация» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, «Қарлығаш» балабақшасының инновациялық әдіс-тәсілдерімен, тәрбиені ұйымдастыруда қолданылатын тиімді тәжірибелермен бөлісті.

Стратегиялық дамыту және инновациялар секторының меңгерушісі, Ресурстық-білім беру орталығының әдіскері Құралай Түсіпова  «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын бағалау үшін ЕCERS-3 шкаласын қолдану» презентациясында осы әдістемені қолданудағы тәжірибемен бөлісті. Презентация соңында Құралай Түсіпова жиналғандармен кері байланыс орнату мақсатында белсенділік сағатын ұйымдастырды.

Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен өткен кездесулер барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева балабақшаның заманауи қызметтерді көрсететін республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігін атап өтті.

«Қарлығаш» балабақшасының ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде Қазақстанның өзге де өңірлерінде өткізу жоспарланған.


Анықтама:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы»  – еліміздің алдыңғы қатарлы мектепке дейінгі ұйымдарының бірі, жалпы жобалық қуаты 750 орындық үш жеке тұрған балабақшамен ұсынылған. Бүгінгі таңда балабақша Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың білім беру қызметтерін көрсететін инновациялық балабақша болып табылады.

Балабақшаның жоғары білікті педагогтері озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпыға тарату мақсатында 65-ке жуық әдістемелік құрал әзірледі. Оның 21-і авторлық құқыққа ие.

«Қарлығаш» балабақшасы педагогикалық тәжірибені бөлісу бойынша имидждік іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие. Соңғы 4 жылда мектепке дейінгі мекеменің педагогтері тарапынан өңірлік, республикалық және халықаралық форматтағы бірқатар іс-шаралар өтті.

«Қарлығаш» балабақшасы 14 білім беру ұйымымен ынтымақтаса жұмыс істейді, олардың арасында Астана қ. «Өрлеу «БАҰО» АҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы, ҚР Білім Министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты», Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетімен, «Балалық шақ университеті» қоры, Мәскеу қ., Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) т.б. бар.

Ақпарат көзі: https://ozgeris.info