ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Алмагүл Қасымқанова 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі педагог. «Қарлығаш» балабақшасында 2011 жылдан бері жұмыс істейді.
Балабақшада ағылшын тілін үйрену әртүрлі ойын әрекеттері арқылы жүзеге асырылады: сурет, әндер, өлеңдер және т. б.
- Сабақ барысында мен тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыру және сөздік қорды кеңейту үшін түрлі озық әдістерді қолданамын. Есте сақтау қабілетін арттыру үшін тілді үйрену әдісі - эйдетика қолданылады, сонымен қатар нейрогимнастика жасаймыз, бұл мидың көпфункционалдығын арттыруға арналған жаттығулар жиынтығы, - дейді педагог.
Алмагүл Қасымқанова екі әдістемелік құралдың авторы: «Ағылшын тілі сабақтарында әндерді тиімді пайдалану», «Саусақтарымызбен ойнаймыз – сөйлеуді дамытамыз». Тәжірибелі педагог ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балаларды бақылауға, олардың қызығушылықтарын байқауға, тілдік қабілеттерін дамытуға кеңес береді, педагог мұның барлығы болашақта зерек оқушы болуға көмектесетініне сенімді.
Алмагүл Қасымқанова ҚР Президенті Іс басқармасының, ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының алғыс хаттары, Білім және ғылым министрлігінің алғысы, ағылшын тілі бойынша республикалық және халықаралық олимпиада дипломдары т.б көптеген марапаттарға ие.