ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Үздік тәрбиеші – 2023» байқауы өтті. Шара балабақша педагогтарын қолдау және ынталандыру, педагогтың өзін-өзі дамытуы арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.
Үздік тәрбиеші атағы үшін балабақша нысандарында іріктеу кезеңінен өткен үш педагог сайысқа түсті. Байқаудың ақтық кезеңі төрт тапсырмадан тұрды: портфолио, өзін-өзі таныстыру, кәсіби тәрбиеші (педагогикалық кредо, педагогикалық тәжірибені ұсыну, балалармен жұмыстың тиімділігі), шығармашылық номер. Қазылар алқасы қатысушыларды бірегейлілік, шығармашылық, эстетикалық тұрғыда, жүйелілік және тиімділігі бойынша бағалады.
Байқауға қатысушылар үздік атану үшін кәсіби шеберліктерін барынша көрсетуге тырысты. Шараның қорытындысы бойынша бірінші орынды балабақшаның №1 және №3 объектінің тәрбиешісілері Инабат Райханова мен Әсемгүл Азирахмет бөлісті, екінші орынды №2 объектінің тәрбиешісі Айсулу Кусаинова иеленді.