«Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінде еңбек етіп келе жатқан Айгуля Тукешова 6 жыл ішінде 3 топты даярлап шығарды. Білікті маман жұмыс барысында ТРИЗ, Сингапур, Воскобович, «4 К», кинезиология, бусоград, кубикоград, мнемокесте т.б. әдістерді қолданады. Жұмыс барысында мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға күш салады.
-Жұмыс барысында ең алдымен баланың денсаулығына, қауіпсіздігіне, сапалы білім мен тәрбие алып шығуына баса назар аударамыз. Бүлдіршіндердің жан-жақты жетілуіне балабақшада қажетті жағдай жасалынған. Ата-анамен де бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсатта әртүрлі жобаларды ұйымдастырамыз, кездесулер, ашық есік күндерін жиі өткізіп тұрамыз, – дейді Айгуля Тукешова.
Тәжірибелі педагог тәрбиелейтін топтар түрлі байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Айгуля Тукешова бала тәрбиесі жолындағы жетістіктері үшін ҚР ПІБ құрмет грамотасы, «AMANAT» партиясының алғыс хаты тағы да басқа көптеген марапаттарға ие.