Басты бет«Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері – тәрбиеші Инабат Райханова

«Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері – тәрбиеші Инабат Райханова

«Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері –  тәрбиеші Инабат Райханова «Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері –  тәрбиеші Инабат Райханова «Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері –  тәрбиеші Инабат Райханова

– Біздің балабақша 37 әдіспен жұмыс жасайды. Соның ішінде «Тілге бойлау», «Воскобович ойындары», «Мнемотехника» әдістері, «Ертегі терапиясы» элементтері, интерактивті технологиялар, Сингапур әдістерін жиі қолданамын. Ата-аналардың қатысуымен жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастырып, балалармен бірге тик-ток, челенждерді түсіремін, – деп бөлісті маман.

Инабат Райханованын негізгі мамандығы «Педагогика және психология» оған тәрбиешілік жолда баланың мінез-құлқын бақылап, кез-келген іс-әрекетінің алдын алуға, ата-анамен және әріптестерімен қарым-қатынаста оң ықпалын тигізеді. Педагог  2022-2023 оқу жылында «Еркетай» орта тобына жаңадан қабылданған бүлдіршіндерді бейімдеуден бастап, ата-аналармен, балалармен бірқатар жұмыстарды атқарды. Балалар республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Білікті маман биыл балабақша педагогтері арасында өткен «Үздік тәрбиеші – 2023» байқауында Инабат Райханова 1-ші орын алды. 

– Мен өзіме «Педагог мәртебесін көтеру үшін қалай өз үлесімді қоса аламын?»  деген сұрақты жиі қоямын және үнемі ізденісте жүремін. Тәжірибемнен байқағаным, баламен жұмыс жасағанда жақсы көңіл күйде болып, жұмыстан өзге ойлардан аулақ болу қажет. Себебі, бұл баланың сезімтал психологиясына кері әсерін тигізеді. Тәрбиеші үшін ата-ана және баламен арада сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Бала, тәрбиеші және ата-анадан құралған одақ жеткіншек жастағы балалардың психикасының дамуы, қалыптасуы, білімі мен тәрбиесіне бірлесіп әрекет етуге көмектеседі, – дейді Инабат Райханова.

Педагог жұмыстан тыс уақытта бой жазып, өзін сергек ұстау үшін жүзуге барады. Сонымен қатар, ата-аналардың сұранысы бойынша ашылған, демалыс күндері жұмыс жасайтын «senim_astana» орталығын да қатар алып жүр.