Басты бетҚЫЗЫЛША АУРУЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК? ҚЫЗЫЛША АУРУЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылша ауыр асқынулармен, өкпенің қабынуымен, құрысу және мидың қабынуымен қауіпті. Ауры ауа тамшылары арқылы жұғады.

 

Баладағы қызылша ауруының алғашқы белгілері: ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар. Бөртпелер алдымен құлақтың артында, маңдайда, содан кейін – беттің, мойынның қалған бөліктерінде, содан кейін бүкіл денеде, ең соңында – қол-аяқта тарай бастайды. Бөртпе баланың денесіне шамамен 4-тен 7 күн ішінде толықтай таралады.

 

Егер балада қызылшаның белгілері байқалса:

- шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз;

- емханаға өз бетіңізше апармай, дәрігерді үйге шақыру қажет;

- туыстармен және басқа адамдармен байланысты барынша азайту керек;

- қорғаныш құралдарын қолданыңыз (маска немесе дәке таңғышы);

- егер бала балабақшаға (балалар мекемелері, мектеп) баратын болса, міндетті түрде сол мекемелерге хабар беріңіз.

- баланы өздігінше емдемеңіз!

 

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы вакцинация болып табылады.