«Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтті. «Ақ халатты абзал жандар» атты іс-шарада балабақша ұжымы өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ балабақша директоры Бейбітгүл Қазақпаева ақ халатты жандарды кәсіби мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.
Кәсіби мерекеге орай балабақшаның 4 қызметкері марапаттарға ие болды:
ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен №1 объект мейірбикесі Айжан Имангожина.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен №2 объект әдіскері Алтын Баймұқамбетова.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының Алғыс хатымен кадр жұмысы жөніндегі маман Рауза Искакова, ғимараттарды және жабдықтарды пайдалану жөніндегі инженер Валерий Свинцов.