Балабақшада 4 шығармашылық зертханадан құралған «Балалар кванториумы» кеңістігі жұмыс жасайды. Кванториумның бірнеше бағыттар бойынша шығармашылық зертханалары бар: космокванториум, аквакванториум, автокванториум, биокванториум. Бұл зертханаларда баланы таным мен зерттеуге ынталандыруға бағытталған барлық материалдар мен қажетті жабдықтар бар. Сонымен қатар, әр кванториумда балалар сол бағытқа қатысты түрлі мамандықтармен таныса алады.
Кванториумдарда балалар өздерін нағыз өнертапқыш сезінеді. Бүлдіршіндердің сүйікті аймақтарының бірі – аква/биокванториум зертхана ретінде жабдықталған, онда балалар физика, биология және экология негіздерімен танысады, көзге көрінбейтін әлемді зерттеп, заманауи құралдармен (микроскоптармен және т.б.) жұмыс істеуді үйренеді. Оқу процесінде балалар талдау, салыстыру, қорытынды жасау және т. б. қабілеттерін дамытады. Олар заттардың табиғи құбылыстары мен қасиеттерін біліп қана қоймай, сумен, ғылыммен, табиғатпен, экологиямен, агрономиямен байланысты мамандықтармен де танысады. Айта кету керек, аква/биокванториумда жүргізілген эксперименттер балалар үшін мүлдем қауіпсіз.