«Педагог жетістігі» айдарының кейіпкері – «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Самал Сейдахметова.
Самал Бақытжанқызы балабақшада 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 17 жыл. Педагог үнемі ізденіс үстінде жүреді. Жұмыс барысында «Сөйлейтін қабырғалар», «Идеялар себеті», «Стоп-кадр», «Фрейер моделі», «4 К» әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар, Сингапур технологиясын, Воскобович дамыту ойындарын, кинезиологиялық жаттығулар, бусоград, кубикоград, мнемокесте т.б. қолданады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға күш салады.
– Мен үшін балалардың әр іс-әрекетке (ойын, еңбек, коммуникативті, өнімді, белсенді, танымдық-зерттеу, музыкалық-көркемдік және т.б.) ынталы болуы маңызды. Баланың қызығушылығы ескеріліп, олармен бірлесе, кеңесе отырып жұмыс жасауға мән беріледі.
Самал Сейдахметова ҚР ПІБ Медициналық орталығының, «Қарлығаш» балабақшасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Балабақшада жұмыс істеген уақыт аралығында мектепке екі топты даярлап шығарып салды.