Басты бетБаламен саяхаттауға арналған алғашқы көмек жинағы

Баламен саяхаттауға арналған алғашқы көмек жинағы

Баламен саяхаттауға арналған алғашқы көмек жинағы Баламен саяхаттауға арналған алғашқы көмек жинағы

Саяхатқа, қала сыртына демалысқа, саяжайға немесе ұзақ сапарға шығарда  ата-аналар балаларына қандай дәрі-дәрмекті алу керек деп жиі ойланады. Сонымен, алғашқы медициналық көмек жинағында не болуы керек?

 

Күнге күю:

-күннен қорғайтын құралдар (балалар үшін – SPF кемінде 50);

-пантенол (көбік спрейі немесе крем) - егер бала күн сәулесіне күйіп кетсе.

 

Жарақат:

-таңғыш материалдар: дәке, стерильді майлық, пластырь;

-қайшы, антисептик, бактерияға қарсы жақпа.

 

Жәндіктердің шағуы:

- балаға рұқсат етілген репелленттер;

- ішуге арналған антигистаминдер;

- қабынуға қарсы препараттар.

 

Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы:

- ауызша регидратация ерітіндісі;

- тез әсер ететін ішті айдайтын дәрі.

 

ЖРВИ:

-термометр;

-қызуды басатын дәрілер;

-мұрынды шаюға арналған тұзды ерітінді;

-мұрынға арналған тамыр тарылтқыш препараттар.

 

Конъюнктивит, отит:

- бактерияға қарсы көз тамшылары;

- отитке қажет құлақ тамшылары.

 

Маңызды! Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімін тексеріп алыңыз.

Егер баланың денсаулығының ерекшеліктері мен созылмалы аурулары болса, оған арналған дәрі-дәрмектерді жолға шықпас бұрын дәрігермен алдын-ала талқылап алыңыз.