Басты бетПедагог жетістігі

Педагог жетістігі

Педагог жетістігі Педагог жетістігі

Айман Төлеген – ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының жоғары санатты педагог-психологы. Балабақшада 11 жыл еңбек етеді, жалпы еңбек өтілі – 24 жыл.

 

Педагог-психолог жұмысының негізгі бағыты – мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың дамуын қадағалау, танымдық, эмоционалды-ерікті және тұлғалық салаларда диагностика және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.   

 

– Барлық жас ерекшелік топтарындағы балалармен жұмыс жасаймын. Ата-аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлінеді, себебі уақытылы кеңес беру баланың  мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына септік етіп, психикалық дамуындағы ауытқулардың алдын алуға көмектеседі, – дейді педагог.

 

Түзету-дамыту жұмыстары топтық, шағын топтық және жеке түрде жүргізіледі. Айман Төлеген жұмыс барысында танымдық, шығармашылық, ойын сипатындағы көрнекі әдістер, нейропсихологияялық тәсілді, интерактивті технологиялар, арт-терапия, АВА-терапия элементтерін т.б. қолдана отырып жұмыс жасайды.

 

Айман Оралбайқызы ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы,  тәлімгер, ҚР Педагогтер қоғамы ұйымдастырған «Білім беру ісінің үздігі - 2023» республикалық байқауының «Үздік педагог-психолог» номинациясының иегері.
 

ҚР ПІБ Медициналық орталығы басшысының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен, Астана қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталған.