Басты бетШет тілін үйренуді қай жастан бастау керек?

Шет тілін үйренуді қай жастан бастау керек?

Шет тілін үйренуді қай жастан бастау керек? Шет тілін үйренуді қай жастан бастау керек? Шет тілін үйренуді қай жастан бастау керек?

«Қарлығаш» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Нұргүл Жұманованың пікірінше, 3-тен 5-ке дейінгі жас шет тілдерін үйрену үшін ең қолайлы болып саналады, өйткені бұл жаста:
- баланың тілдік дағдылары қалыптасқан;
- жаңа ақпаратқа қызығушылық бар;
- бала сабақты ойын түрінде қабылдайды, сондықтан ол тек шет тілін ғана емес, сонымен қатар, ұсақ моториканы, ойлау қабілеті мен табандылықты дамытады.

– Әр бала әр түрлі, сондықтан баламен тіл үйренуді қашан бастау керектігін оның мүмкіндіктері мен қажеттілігін бағалай алатын ата-ана ғана шеше алады. Балалар шет тілдерін жылдам меңгере алады, алайда бұл процесс көңілді әрі жеңіл болуы тиіс. Әрине, тіл үйренуді алфавиттен бастамайды. Мұнда тілге бойлау әдісі қолайлы, мектеп жасына дейінгі балалармен шет тілінде ән айтып, жеңіл тақпақтарды жаттап, сөз тіркестерін үйреніп, қысқа мультфильмдерді көруге болады, – дейді Нұргүл Жұманова.