ҚР ПІБ Медорталығының «Қарлығаш» балабақшасында ата-аналардың қатысуымен жазғы спорттық ойындар ұйымдастырылды. №3 объектіде өткен шарада ата-аналарды алдымен балабақшада өтетін түрлі ойын түрлерімен таныстырды. Содай кейін олар балаларымен бірге қызықты сайыстарға қатысты.
Қатысушылар топ-топқа бөлініп жарысып, түрлі тапсырмаларды орындады, осы арқылы өздерінің ұйымшылдықтарын, ептіліктірі мен жылдамдықтарын көрсете білді.
Таза ауада өткен спорттық шара балаларға ғана емес ата-аналарға да көтеріңкі көңіл сыйлағанын атап өткен жөн. Ата-анамен бірге уақыт өткізу, бірге ойындарға қатысу баланың дұрыс жетілуінің, дамуының ажырамас бөлігі. Таза ауадағы іс-шаралар баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай көңілін көтереді.