Басты бетБалабақшадағы денсаулық соқпағы

Балабақшадағы денсаулық соқпағы

Балабақшадағы денсаулық соқпағы

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында балаларды сауықтыруға бағытталған профилактикалық жұмыс тәсілдерінің бірі – «Денсаулық соқпағы» қолданылады

«Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын нығайту үшін мектепке дейінгі мекеме аумағында орналасқан «Денсаулық соқпағы» қолданылады. Бұл орын балалар жалаң аяқ түрлі беттерден өтіп, табандарына массаж алу үшін жабдықталған. Яғни табанға түрлі дәрежеде әсер ете отырып, баланың моторикасын дамытуға, иммунитетті, энергияны арттыруға, стрессті жеңілдетуге және оның жалпы психоэмоционалды жағдайын жақсартуға болады. Сондай-ақ, соқпақпен өткенде бала денесіне жағымды әсер ететін бірқатар шынықтыру процедураларынан өтеді.

 

 – Жалаң аяқ жүргенде баланың табаны нығаяды және тактильді сезімдері дамиды. Бұған қоса жағымды эмоциялар тудырып, баланың, әсіресе аз қимылдайтын және инертті балалардың белсенділігін арттырады. «Денсаулық соқпағы» сонымен қатар жалаң аяқ жүру, салауатты өмір салтын сақтау, қозғалыста болуға ұмтылу тәрізді пайдалы әдеттерді де қалыптастырады, – дейді «Қарлығаш» балабақшасы №3 объектісінің аға медбикесі Асыл Қалықова.