Басты бетБалаларға ерте жастан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз!

Балаларға ерте жастан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз!

Балаларға ерте жастан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз!

Құрметті ата-аналар, өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты сіздің және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше балалармен төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау туралы жиі сөйлесіп, өрт және басқа тұтанғыш заттармен ойнаудың ықтимал салдары мен қаупін түсіндіріңіздер.

Қайғылы жағдайды болдырмау үшін балалардың қолдарына сіріңке ұстамауын қатаң түрде қадағалау қажет. Егер балалардың өздігінен от жағып, сіріңкемен және оттықпен, тұтанғыш сұйықтықтармен ойнап жатқанын көрсеңіз, бей-жай қалмаңыз, тоқтатыңыз!

Балаларға жаман үлгі көрсетпеңіз: олардың көзінше темекі тартпаңыз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағаз жақпаңыз.Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Есіңізде болсын – немқұрайлылық таныту үлкен қауіп-қатерге әкелуі мүмкін.

Қараусыз қалғанда балалар үлкендерге еліктеп, өздерін еркін ұстайды сезінеді, электр құрылғыларын қосады, электр сымын жөндейді, тіпті от жағуы мүмкін (кейде пәтерде). Оның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін, тәжірибе көрсетіп отырғандай, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үнемі еске салып отыру қажет. Бұл талаптарды орындау әдетке айналғаны жөн. Өрт қауіпсіздігі ережелерін балалардың санасына кішкентай кезінен бастап сіңіру керек!

 

 

Асет Алиев

Астана қ. ТЖД «Есіл» ауданының ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі