ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Қостанай қаласының №№3, 17 және «Amanat & K» ЖШС білім беру кешенінің жұмысымен танысып, «Шебер әңгімешілер» инновациялық жобасы, инженерия кабинеттері, ЕБҚ (ПДК) бар балалармен ойын қызметі, ЕБҚ (Даун синдромы) бар балалармен ұйымдастырушылық қызметімен танысып, мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау жөніндегі «Мамандыққа алғашқы қадамдар» жобасының тұсаукесеріне қатысты.
Қалалық балалар шығармашылығы мектебінде облыстық білім басқармасының және жергілікті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева жиналғандарды «Желілік балабақша моделі» презентациясымен таныстырып, балабақшаның жетістіктері мен оқытудың инновациялық әдістеріне тоқталды.
Ресурстық білім беру орталығының әдіскері Татьяна Забажанова «Қозғалыс арқылы оқыту» жиналған педагогтерге шеберлік сыныбын өткізді. «Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінің меңгерушісі Раушан Қожахметова «МДҰ-да білім беру сапасын бағалау үшін Есегѕ-3 шкаласын қолдану» тақырыбындағы семинар-тренингте әдістемені қолданудағы балабақшаның тәжірибесімен бөлісті.
Осыған дейін балабақша өкілдері өңірлердегі «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» шеңберінде делегация құрамында Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Кездесулердің басты мақсаты – өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарды «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.