Басты бет«QARLYGASH-2023» ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: «Мектепке дейінгі жастағы бал...

«QARLYGASH-2023» ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи тенденциялары»

АНОНС

 

2023 жылғы 27 қазан Астана қаласында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 

Форматы: офлайн / онлайн

Өтетін күні: 2023 жылғы 27 қазан

Уақыты: 10:00 – 16:00

 

 

Конференция жұмысына ҚР, таяу және алыс шет елдердің мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші сарапшылары, педагог-практиктері, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, ҚР облыстық білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, Кәсіпорынның әлеуметтік әріптестері: Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Астана» халықаралық университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ» Астана қаласы бойынша кәсіптік даму институты», ҚР ОАМ  «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Ұлттық ұстаз онлайн академиясы» ЖШС және т.б. қатысады деп жоспарланып отыр.

Конференция аясында мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық әзірлемелердің, технологиялар мен әдістемелердің кешенді көрмесі өтеді, мамандандырылған басылымдар, көрнекі құралдар, оқу және әдістемелік материалдар, іскерлік, дамытушылық және танымдық әдебиеттер, білім беру ұйымдарына арналған жабдықтар және т.б. ұсынылады.

Конференцияның жұмысы барысында озық тәжірибе алмасу бойынша пленарлық және секциялық отырыстар өтеді.

 

Секциялық отырыстардың тақырыбы:

«Инклюзивті білім: теория және практика»;

«Балалардың ерте дамуы»;

«Мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелері».

 

Конференция материалдары «Қарлығаш» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының электронды жинағында Кәсіпорынның ресми сайтында жарияланады. Қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

 

 

Баяндамашылардың тезистері мен материалдары 02.10.2023ж. дейін қабылданады: karlygash_mcudp.rk@mail.ru 

Қатысу үшін 02.10.2023ж. дейін тіркелу қажет. Сілтеме: https://qarlygash.qr-pib.kz/p/25314

Баяндамашылар мен спикерлерді тіркеу 25.09.2023ж. дейін жүргізіледі.

 

Конференция өтетін мекен-жай туралы қосымша хабарланатын болады.

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:

Тел.: +7(7172) 27 17 99

         +7(701) 446 49 08

         +7(702) 341 71 70

 

E-mail: karlygash_mcudp.rk@mail.ru.