ЖРВИ - ден қорғану үшін белгілі бір ережелерді ұстану қажет:
-баланың күн тәртібін сақтаңыз: сау ұйқы, серуендеу, психикалық және физикалық белсенділіктен қорғау;
-салқын тиюден сақтаңыз;
-қолды сабынмен жиі жуыңыз;
-бір реттік немесе жеке сүлгілерді пайдаланыңыз;
-бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз, баланың бөлмесінде, пәтерде ылғалды тазалау жүргізіңіз;
-мүмкіндігінше ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастармен байланысқа түспеңіз.
Белгілері:
-жалпы жағдайдың нашарлауы;
-қыңырлық танытуы;
-әлсіздік, ұйқышылдық;
-жылау, дене температурасының жоғарылауы (әдетте 38°C дейін);
-тұмау, мұрынның бітелуі;
-жөтел.
Емдеу:
-төсек режимін сақтау;
-сұйықтықты көп ішу;
-дұрыс тамақтану;
-өздігіңізден ем тағайындауға болмайды!
Балада ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда дәрігер көмегіне жүгініңіз.