ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында 4 шығармашылық зертханадан құралған «Балалар кванториумы» кеңістігі жұмыс жасайды.
Кванториумның шығармашылық зертханаларының бірі – аква/биокванториумда балалар бүлдіршіндер физика, биология және экология негіздерімен танысады, көзге көрінбейтін әлемді зерттеп, микроскоппен жұмыс істеуді үйренеді.
Оқу процесінде педагогтермен бірлесіп түрлі эксперименттер жүргізіп, талдау, салыстыру, қорытынды жасау және т. б. қабілеттерін дамыта алады.
Аквакванториумда жүргізілген эксперименттер балалар үшін мүлдем қауіпсіз.