Татьяна Забажанова – «Қарлығаш» балабақшасының Ресурстық-білім беру орталығының стратегиялық даму және инновациялар секторының әдіскері, педагог-зерттеуші.
Татьяна Григорьевнаның мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогикалық қызметі өзгеше формамен, әдістермен, қарқын және жоғары теориялық деңгеймен ерекшеленеді. Ол үнемі шығармашылық ізденісте. Педагогтың мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың қызметін ұйымдастырудағы соңғы тәсілдерінің бірі – «Қозғалыс арқылы оқыту». Аталған тәсілмен ол «Қарлығаш» балабақшасы педагогтарымен ғана емес, республикағы әріптестерімен және студенттермен бөлісіп отырады.
– Бұл тәсіл мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына ықпал етеді. Қозғалыс белсенділігі интеллектуалды дамуға жақсы көмектеседі. Өйткені, қозғалу арқылы баланың тек физикалық тұрғыдан ғана емес, интеллектуалды жағынан да танымдық дағдылары (қарапайым математикалық және сенсорлық қабылдауын дамытады), когнитивтік қабілеттері (есте сақтау, зейін, логика, ойлау) және т.б. дамиды. Қозғалыс арқылы оқыту, балабақшада және одан тыс жерде баланың айналасында даму кеңістігін құру арқылы оны қабылдауға және игеруге ынталандырады, әрі денсаулығына оң әсер етеді, – деп бөлісті Татьяна Забажанова.
Педагог білім беру процесін ұйымдастыру және балалардың физикалық денсаулығын нығайту бойынша бірнеше әдістемелік ұсынымдардың авторы. Педагогтарға әдістемелік құжаттардың жобаларын әзірлеу барысын да сүйемелдеп отырады.
Татьяна Григорьевнаның педагогикалық тәжірибесі 38 жыл, оның ішінде 12 жыл «Қарлығаш» балабақшасында еңбек етеді. Ол имидждік білім беру іс-шараларын, халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік конференцияларға, әдістемелік бірлестіктерге және т.б. белсенді қатысады.
Жетістіктері «Білім берудегі үздіктер» халықаралық энциклопедиясына енгізілді. Татьяна Забажанованың сонымен бірге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерте жастағы балалардың дамуын мониторингтеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамында екендігін де атап өткен жөн.