«Қарлығаш» балабақшасының №2 объектісінде ата-аналардың қатысуымен «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» атты квест түріндегі музыкалық-спорттық іс-шара өткізілді.
Шараға мектепалды топтарының балалары мен ата-аналары қатысты. Ойын барысында командалар музыкалық-ырғақты жаттығулар, жылдамдыққа, ептілікке және икемділікке арналған тапсырмаларды орындады. Әрі қарай музыкалық залда түрлі аспаптарда оркестр ойнады, сондай-ақ «Айтыңызшы, сіздің отбасыңыз қандай?» ойынына қатысты. Музыкалық-спорттық іс-шара соңында балалар шарлардан салют жасады.
Халықаралық Отбасы күні апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шара отбасылық қатынастарды нығайтуға, спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.