Басты бет"Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" сайысы өтті

"Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" сайысы өтті

"Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" сайысы өтті "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" сайысы өтті "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" сайысы өтті "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер" сайысы өтті

«Қарлығаш» балабақшасының №3 объектісінде «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» атты байқау ұйымдастырылып, 5 мектепалды даярлық тобының ұл балалары қатысты.  
Балалар ата-анасымен бірге «Жеті атаңды білесің бе?», «Супер аудармашы», «Ұлағатты ұстаз», «Мақал – сөздің мәйегі», «Ребус шеше білейік» сайыстарына қатысып, алғырлығы, білімі мен тапқырлығын ортаға салды. 
Шара балалардың  өз ана тілін құрметтеп, жеті атасы мен мақал-мәтелдерді білуіне, шығармашылық тұрғыдан дамуына ықпал етіп, ата-ананың бала тәрбиесіндегі  белсенділігін арттыруға бағытталған.  
Сайыс соңында қатысушылар 5 номинация бойынша марапатталды.  «Ақбөпе» тобынан Мадияр Баяхметов «Ойшыл» номинациясы бойынша, «Көркем» тобынан Қизат Ахмет «Тіл білгірі», «Ертөстік» тобынан  Амангелді Әліби «Тапқыр», «Қайнар» тобынан Амангелді Айсұлтан «Супер аудармашы», ал «Аяулым» тобынан Жайықбай Айсұлтан «Ең алғыр» номинацияларымен марапатталды.