Басты бет«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

«Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

2023 ж. 27-28 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысымен танысты. 
Сапардың алғашқы күні Жамбыл және Меркі аудандарындағы «Нұршуақ», «Ертөстік», «Балдырған» бөбекжай-бақшаларын аралап, заттық-дамыту орталықтарының жұмысы, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылық іс-әрекетін ойын-жаттығулар арқылы дамытудың барысы, инновациялық технологиялар, тас терапиясының ерекшеліктері, «Гидропоника – өсімдікті топырақсыз өсіру» экологиялық зертханаларында болды.
Екінші күні Тараз қаласындағы «Айсәуле» және «Нұр Әлім» жекеменшік бөбекжайларында болған делегация мүшелеріне балаларға экологиялық тәрбие беру, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың ерекшеліктері және т.б. туралы ақпарат берді.
Экскурсиялардан соң «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері облыстық білім басқармасының және жергілікті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері бас қосқан дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Отырыста Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Досыбаева өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына тоқталып, мұндай кездесулердің болашақта өзара ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу контекстіндегі маңыздылығын атап өтті.
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева жиналғандарды «Желілік балабақша моделі» презентациясымен таныстырып, ұйымның жетістіктері мен оқытудың инновациялық әдістеріне тоқталды. №2 объект әдіскері Алтын Баймұқамбетова «ECERS-3 стандарттарын білім беру процесіне енгізу» тақырыбында презентация жасады.
№3 балабақша хореографы Алмагуль Кабдешева балаларға би үйрету барысында «Metodologia Coordenаndo-se» Бразилия методикасын қолдану бойынша шеберлік сағатын өткізді.  Сондай-ақ Жамбыл облысының педагогтары да өз тәжірибелерін ортаға салып, қолданылып жүрген инновациялық бағыттармен бөлісті.  
Сапар аясында ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігі аталып өтті.
Осыған дейін балабақша өкілдері өңірлердегі «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» шеңберінде делегация құрамында Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Кездесулердің мақсаты – «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.