Басты бетПедагог жетістігі

Педагог жетістігі

Педагог жетістігі

«Педагог жетістігі» айдарының кейіпкері - «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Шолпан Баякеева.
Шолпан Мэлсқызы балабақшада 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жалпы еңбек өтілі 14 жыл. Ересек топтағы бүлдіршіндерді тәрбиелейді.
Өз жұмысында бірқатар инновациялық технологияларды қолданады. Бұл әдістер мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, пішіндер мен түстерді топтастыруды үйретеді. Сондай – ақ баланың тілін, шығармашылық қиялын дамытып, сөздік қорын байытады.
«Тәрбиеші болудың жауапкершілігі жоғары екенін жан-жүрегімен сезіне алған адам ғана осы мамандықты батылы жетіп таңдай алады. Себебі, тәрбие беру түсіне білген адамға білім үйретуден де қиындау, салмақтылау мамандық. Тәрбиеші болу бұл мамандықтың ең үлкені ең жауапкершілігі мол жұмыс. Себебі, сен білімнен бұрын балаға тағылым, тәрбие, жақсылықтың нәрін құясың. Тәрбиеші болу үшін сол қасиеттерді бере алатын қабілетің, мүмкіндігің, білімің мен тәрбиең болуы керек. Жан жүрегіңмен балаларды жақсы көруің керек», - дейді Шолпан Мэлсқызы.