Конференцияның «Инклюзивті білім: теория және практика», «Балалардың ерте дамуы», «Мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелері» тақырыбындағы секциялық жұмысына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, ҚР облыстық білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, Кәсіпорынның әлеуметтік әріптестері: Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Астана халықаралық университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Астана қаласы бойынша кәсіптік даму институты», ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Ұлттық ұстаз онлайн академиясы», БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және т.б. белсенді қатысып, шеберлік сыныптар аясында әдістемелерін ұсынды.
Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасына қатысушылар конференция қорытындысы бойынша тақырыптың маңыздылығын және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ғылыми ынтымақтастыққа және осындай кездесулерді жалғастыруға ниеттерін білдірді.
Конференция материалдары «Қарлығаш» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының электронды жинағында Кәсіпорынның ресми сайтында жарияланады. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.