«Қарлығаш» балабақшасының №1 объектісінде өткен «Мейірбан ата-аналар клубының» кезекті кездесуі «Үйден балабақшаға дейінгі бақытты жол» тақырыбына арналды. Шараға барлық топтардан 24 ата-ана қатысты.
Кездесу бақытты баланы қалай тәрбиелеу керектігі туралы «Бақыт аукционы» атауымен аукцион форматында ұйымдастырылды. Ата-аналар өзара тәжірибелерімен бөлісу барысында ақыл - кеңестерін бағалау арқылы бір-біріне ұсынды. Олар әртүрлі проблемалық жағдайларды талқылап, шешімдерін бірге іздеді.
Кездесудің екінші жартысында біздің балабақшаның педагог-психологтары бала тәрбиесіне деген көзқарасты жеңілдету үшін аналар мен әкелерге баланы бақытты ететін 10 лайфхакпен бөлісті.
Ата-аналар пайдалы кеңестер мен жағымды эмоциялар алып, шара соңында оң пікірлер мен тілектер қалдырды.