Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында «Іскерлік әдеп кодексі» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі» тақырыптарында семинар-кеңес өткізді.
Кәсіпорын директорының м.а. Алма Қарабаева қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтауға баса назар аудара отырып, ұжымда этикалық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Балабеков Ы.Е мемлекеттік қызметшілерге (лауазымды немесе оларға теңестірілген тұлғаларға) қойылатын негізгі талаптарды талқылады, сондай-ақ мұндай кездесулер қызметкерлердің этикалық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөлі атқаратынын атап өтті.
Комплаенс-офицердің м.а Насымбаев Б.Б Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің алдына қойылған міндеттерді, Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге, халықтың сыбайлас жемқорлық пен туысқандықтың кез келген түрлерінен бас тартудың қалыптасуы, алдын алу шараларының басымдығы туралы айтты.
Семинардың қорытынды бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың, іскерлік этика кодексінің нормалары түсіндірілді және барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді.