Басты бет«Қарлығаш» балабақшасы халықаралық коворкинкге қатысты

«Қарлығаш» балабақшасы халықаралық коворкинкге қатысты

«Қарлығаш» балабақшасы халықаралық коворкинкге қатысты «Қарлығаш» балабақшасы халықаралық коворкинкге қатысты

Алматы қаласында ҚР Ғылым және Жоғары Білім Минстрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі трендтердің тәжірибеге трансформациялануы (Реджио-Педагогика негізінде)» Халықаралық коворкингі өтті. Іс-шараға ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері қатысып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қолданылатын әдіс – тәсілдермен бөлісті.

«Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Жұлдыз Мұхтарқызы «Мега жоба: балалар қарым-қатынасын дамыту үшін реджио кеңістігін ұйымдастыру» атты шеберлік сыныбында Кәсіпорында қолданылатын инновациялық әдістер мен технологиялармен таныстырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда дамыту ортасын  реджио педагогикасы тұрғысынан қалай ұйымдастыру керек екені  туралы  баяндады. ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы осы жобаның элементтерін қолдана отырып жұмыс жасайды. Мысалы, «Реджио - ателье» немесе шығармашылық ателье балаларға қиялды дамытуға көмектеседі. Балаларға табиғи және қалдық материалдарды пайдалана отырып, қиялындағы жобаларын жүзеге асыруға еркіндік береді.

Аталған іс шараға республикалық мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен тәрбиешілері, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.