Басты бетБАЛАЛАР ПЕДИАТРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

БАЛАЛАР ПЕДИАТРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

БАЛАЛАР ПЕДИАТРЫНЫҢ КЕҢЕСІ

https://astana-akshamy.kz/balalar-pediatrynyng-kengesi/

20 қараша – Халықаралық педиатрлар күні. Осы атаулы күнге орай баланың денсаулығына жауапты дәрігер міндеттері туралы ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының педиатр-дәрігері Гүлнар АХМЕТОВА айтып берді.

 Медицина саласындағы ең жауапты мамандықтың бірі ол – педиатрия. Балабақша педиатрының міндеті – физикалық және психологиялық тұрғыдан баланың дұрыс жетілуін уақытылы қадағалау.

– Балабақшадағы біздің ең басты міндетіміз – балапандардың денсаулығын сақтап, қауіпсіз өсіру. Жұмыс уақыты таңғы сағат 8-де ата-аналар мен балаларды қабылдаудан басталады. Балалардың дене қызуын тексеріп, топқа қосамыз. Тәрбиеленушілер таңғы ас ішіп болған соң, олардың жағдайын біліп, тәрбиешімен үнемі байланыста боламыз. Тәрбиеші баланың денсаулығына шағым түсірсе, сол балаларды дереу тексерістен өткізіп, ата-анасы келгенше оқшаулап, алғашқы медициналық қызмет көрсетеміз. Балақайлардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды дене шынықтыру, ән сабағында да қадағалап, көзден таса қалдырмаймыз, – дейді дәрігер.

Педиатр маманы ата-аналарға баланың ең алдымен дұрыс тамақтануына мән беруге кеңес береді. Баланың рационында жаңғақтар, сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер міндетті түрде болуы керек.

– Екінші, таза ауада серуендету. Кез келген ауа райында баланы серуенге алып шығатын болсаңыз, аурушаңдықтан сақтайсыз. Үшінші, ауа райына, температураға байланыс­ты киіндіру. Баланы тым қатты қалың немесе жеңіл киіндірмеу керек. Төртінші, жиі қол жуу. Баланың ұстамайтын нәрсесі жоқ, сондықтан тазалық сақтау өте маңызды. Бесінші, уақытылы ұйықтатып, уақытылы ояту. Спортпен айналысып, жақсы көңіл күйде жүруге дағдыландыру, яғни баланың күнделікті күн тәртібін қатаң қадағалау керек. Осы орайда әке мен ананың атқаратын рөлі орасан зор. Аталған қағидаларды әдетке айналдырсаңыз, физикалық және рухани сау ұрпақ өсіресіз, – дейді Г.Ахметова.