Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының "Қарлығаш" балабақшасы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының комплаенс-офицердің м.а. жетекші заңгері Б.Насымбаевпен 2023 жылғы 29 қараша күні Кәсіпорынның №2 объектісінің қызметкерлеріне "Сыйлықтар алу немесе беру, тәрбиешілер құрамының ақша жинауы үшін жауапкершілік шаралары" тақырыбында түсіндіру шаралары өткізілді.
Іс-шараға Кәсіпорынның №2 объектісінің меңгерушісі, сондай-ақ тәрбиелік құрамы қатысты.
Түсіндіру жұмыстарын өткізу шеңберінде комплаенс-офицердің м.а. Б. Насымбаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттігіне бас назар аударды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік жөніндегі мәліметтер айтылды.
Шара соңында, ҚР ПІБ МО "Қарлығаш" балабақшасы " ШЖҚ РМК № 2 нысан қызметкерлерінің пікірлері тыңдалып барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар ұсынылды.
ҚР ПІБ МО "Қарлығаш "балабақшасы" ШЖҚ РМК №2 объектісінің басшылығына сыйлықтар алуға және ақшалай қаражат жинауға жол бермеу үшін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ аталған ақпаратты осы іс-шараға қатыспаған қызметкерлерге жеткізу тапсырылды.