Басты бетПедагог жетістігі

Педагог жетістігі

Педагог жетістігі Педагог жетістігі

«Педагог жетістігі» айдарының кезекті кейіпкері ағылшын тілі мұғалімі Нұргүл Жұманова. Нұргүл Жұманова «Қарлығаш» балабақшасында 2010 жылдан бастап еңбек етіп келеді. Балабақшада ересек және мектепалды даярлық топтарға ағылшын тілінен сабақ береді.

 

- Ағылшын тілін үйретудегі негізгі мақсатым - тілдік ортаны құруда коммуникативтік құзіреттілік пен тілге деген қызығушылықты арттыру. Баламен тіл табысу үшін ойнау технологиясын қолдану маңызды, яғни ойнау арқылы танымдық, тілдік процесс ұйымдастыру қажет. Әр оқу іс әрекетінде баланың еркіндігі, көңіл-күйі, құштарлығы, кері байланысы мен үшін өте маңызды болып табылады. Сондықтан баланың дұрыс түсінуі, қайталап айтуы, бір сөзбен айтқанда баланың дамуын жан - жақты бақылап, анализ жасап отыру оңай емес. Мұғалімнің оқу іс-әрекетінде әдіс-тәсілдерді дұрыс пайдалануы оны жетістікке жеткізетіні сөзсіз. Сондықтан мұғалімнің кәсіби дамуы, креативті көзқарасы, озық технологияларды қолдануда  дағды қалыптастыруы, дамытуы, аса жауапты іс деп санаймын,- дейді педагог.

 

Балалармен жұмыс барысында «Воскобович ойындары», Глен Доман әдісі, Триз, «Мнемотехника» интерактивті технологияларын пайдаланады.

Педагог жетістіктері:

-              «Интерактивті ойындарды қолдану арқылы ағылшын тілін үйрету республикалық әдістемелік құралы»;

-              «Ағылшын тілінде балаларға арналған мнемо өлеңдер жинағы» әдістемелік құралының авторы.

 

Білікті маман педагогика саласындағы тәжірбиесі мен қажырлы еңбегі үшін Алғыс хаттармен марапатталған. Сонымен қатар педагогтің жетекшілігімен «Ақбөпе» ансамблі Республикалық балалар шығармашылығының фестиваліне We are the world туындысымен өнер көрсетіп, Бас жүлдеге ие болды.