Басты бетБІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бүгін «Қарлығаш» балабақшасында педагогикалық қызметкерлерге арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» түсіндірме және талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарламаның мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Бағдарламаны Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры М.Медетбекова, Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры М.Адамова және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығы директоры А.Танирбергенова толығырақ таныстырды. Бағдарлама мазмұны ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.