Басты бетБАЛАЛАРДЫ ЕРТЕЖАСТАН БАСТАП ӨРТҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҮЙРЕТІҢІЗ!

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕЖАСТАН БАСТАП ӨРТҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҮЙРЕТІҢІЗ!

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕЖАСТАН БАСТАП ӨРТҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҮЙРЕТІҢІЗ!

 

Құрметті ата-аналар, өрт қаупі бар кезеңнің басталуына байланысты, назар аударыңыздар! Сіздің қауіпсіздігіңіз бен балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше балалармен төтенше жағдайларда өзін–өзі ұстау туралы жиі сөйлесіп, балаларға өрт және басқа тұтанғыш заттармен ойнаудың ықтимал салдарлары мен қауіптерін түсіндіріңіздер. Қайғылы жағдайлар болдырмау үшін біз балалардың қолдарына сіріңке ұстамауын қатаң түрде қадағалауымыз керек. 
Егер сіз балалардың өздері от жағып, сіріңкемен және оттықпен, тұтанғыш сұйықтықтармен ойнап жатқанын көрсеңіз, оларды бей-жай қалдырмаңыз, тоқтатыңыз! Балаларға жаман үлгі көрсетпеңіз: олардың көзінше темекі тартпаңыз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағаз жақпаңыз.Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Есіңізде болсын - сәл немқұрайлылық үлкен қауіп-қатерге әкелуі мүмкін. Қараусыз қалғанда балалар үлкендерге еліктеп, өздерін ересек сезінеді, электр құрылғыларын қосады, электр сымын жөндейді, тіпті от жағуы мүмкін (кейде пәтерде).Осындай дербестіктің салдары қайғылы аяқталуы мүмкін, тәжірибе көрсетіп отырғандай, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы үнемі еске салып отыру қажет, бұл талаптарды орындау әдетке айналып, ерекше күш-жігерді талап етпейтін қалыпты жағдай болғані жөн. Өрт қауіпсіздігі ережелерін балалардың санасына кішкентай кезінен бастап сіңіру керек!