«Карлығаш» балабақшасында ақпараттық білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалар мобильді кітапханасы» ұйымдастырылды.
Мобильді кітапханада түрлі жанрдағы, атап айтсақ, халық ертегілері, қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілермен танысуға болады. Ертегілер балалардың әр түрлі жас ерекшелігін ескере отырып таңдалған. Кіші және ортаңғы топтарына арналған «Бауырсақ», «Қолғап», «Шалқан»; ортанғы, ересек топтарына «Үш аю», «Түлкі мен тырна», «Қамбақ шал, мен батыр»; мектепалды даярлық балаларына «Мақта қыз», «Алдар көсе», «Алтын сақа», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегілері топтастырылған.
Ертегілерді көру планшеттің немесе ұялы телефонның QR код программасы арқылы жүзеге асады. Осы орайда ата-аналар мен балалардың мобильді кітапханаға деген қызығушылығы жоғары екендігі байқалды. Оның дәлелі балалардың қызығушылығына қарай, ата-аналар балаларымен бірге отырып ертегілерді бірге талдауы. Басқа да қызыққан ертегілерінің QR кодын ата-аналар сақтап алып, балаларымен үй жағдайында да тамашалауда.
Баланың жан-жақты дамуы басты назарда, сондықтан кітапханадағы кітаптар үнемі жаңартылып тұрады. Мобильды кітапхана балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырудын бірден бір жолы.