Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Кәсіпорын) «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының маңызды міндеттерінің бірі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Кәсіпорын басшылығы мен педагогтары қатысты.
Іс-шараны ашқан директордың орынбасары Қ.Қ.Ідірісов ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті, қызметтік міндеттерін атқару кезінде ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың мүлтіксіз сақталуына назар аударды.
Іс-шара барысында комплаенс-офицердің м.а., жетекші заңгер Б.Б. Насымбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының 2022-2026 жылдарға арналған негізгі міндеттерін, тұжырымдаманың сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жүйелі түрде жоюға бағытталғандығы атап өтті, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік жөніндегі мәліметтер айтылды.
Семинардың қорытынды бөлімінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың нормалары түсіндірілді және барлық қызықтырған сұрақтарға толық жауап берілді.