II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
«QARLYGASH-2023» «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері»
2023 жылғы 27 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ҚР Президенттік орталығымен бірлесіп «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» атты «QARLYGASH-2023» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Іс-шараның мақсаты - мектепке дейінгі білім беру саласындағы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді талқылау болды.
Іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы - ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-ның ресурстық-білім беру орталығы.
ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өткізілді және ұйымдастырылды:
– мектепке дейінгі білім берудің әлемдік жетекші сарапшыларының, педагог-практиктерінің пленарлық отырыстары;
- конференцияға қатысушылардың панельдік пікір-таластары;
- мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық әзірлемелердің, технологиялар мен әдістемелердің, оқу және әдістемелік материалдар, дамытушы және танымдық әдебиеттер, оқу орындары үшін жарақтандыру көрме-жәрмеңкесі;
Конференция жұмысына алыс және таяу шет елдердің мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғалымдар, жетекші сарапшылар, педагог-практиктер қатысты: Малайзия, Испания, АҚШ, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Оқу ағарту министрлігінің, БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ), Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республиканың өңірлері мен облыстарының өкілдері - барлығы офлайн - 170 - ден астам қатысушы, 98 онлайн форматта қатысты. ЮТУБтағы тікелей эфирдегі қаралым саны - 665.
Алқалы отырыста ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова, ҚР Президенттік орталығының директорының орынбасары Ботагөз Каипова құттықтау сөз сөйлеп, конференция шымылдығын ашты.
Конференцияның пленарлық отырысында: Манара Адамова - ҚР ОАМ Баланың ерте даму институтының директоры (Қазақстан), Игорь Шиян - Ғылыми зерттеу институтының директорының орынбасары (Ресей), Мануель Мартинез - Психология ғылымдарының докторы (Испания), Mehmet Kayatekin - Медицина ғылымдарының докторы, психиатрия кафедрасының клиникалық доценті (АҚШ), Zuraimy Noordin - Малайзия қалалық университетінің Білім және гуманитарлық зерттеулер факультетінің аға оқытушысы (Малайзия), Ирина Грошева - Өзбекстан Республикасы мектепке дейінгі және мектептік білім министрлігі Мектепке дейінгі білім беру агенттігінің басқарма бастығы, Лариса Круглова - педагогика ғылымдарының докторы (Ресей) өз баяндамаларымен бөлісті.
Конференцияның «Инклюзивті білім: теория және практика», «Балалардың ерте дамуы», «Мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелері» тақырыбындағы секциялық жұмысына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, ҚР облыстық білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, Кәсіпорынның әлеуметтік әріптестері: Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, Абай ат. Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Астана халықаралық университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, «Астана қаласы бойынша кәсіптік даму институты», ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Ұлттық ұстаз онлайн академиясы», БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және т.б. белсенді қатысып, шеберлік сыныптар аясында әдістемелерін ұсынды.
Конференция жұмысында қатысушылар 8 ШЕТЕЛ, 38 ОТАНДЫҚ спикерлердің баяндамаларын тыңдап, қазақстандық және әлемдік тәжірибе туралы, ерте жастағы және инклюзивті білім берудегі мектепке дейінгі тәрбие мен дамытудағы үздік тәжірибелер туралы айтылды:
- мектепке дейінгі білім берудің негізгі бағыттары мен перспективалары;
- баланың жеке басының үйлесімді және рухани-адамгершілік дамуы;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы ойын технологиялары;
- инклюзивті білім беруде мектепке дейінгі ұйымдар үшін мамандар даярлау мәселелері;
- қазіргі заманғы талаптар деңгейінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;
- көпфункционалды және интерактивті орта - қазіргі баланың даму ортасы;
- мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дамуындағы оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістері.
Конференция аясында «Shuqylakitap» және «Арман - ПВ» баспалары, «Ibars – Kids» цифрлық білім беру ресурсы, «Электронды кітаптар мен ойыншықтар» және «Бестемше» ұлттық ойындары ұсынылған көрме ашылды.
Әлемдік спикерлердің баяндамалары мен ұсынылған мәселелерді тыңдау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында "QARLYGASH-2023" ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылар шешім қабылдады:
1. ҚР ПІБ МО "Қарлығаш" балабақшасы " ШЖҚ РМК тәжірибе алмасу үшін бірыңғай алаң құру;
2. үздік тәжірибелерді тарату үшін халықаралық педагогикалық тағылымдамалар, курстар, семинарлар, тренингтер мен конференциялар ұйымдастыру;
3. инклюзивті білім беруге қатысты НҚА-ға толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
4. цифрлық платформаларды пайдалана отырып, балалардың ерте дамуы үшін ата-аналармен коммуникация және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру;
5. өзін-өзі бағалау арқылы мектепке дейінгі ұйымдағы қызметтердің сапасын бақылау бойынша қолда бар тәжірибені зерделеу.
Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасына қатысушылар конференция қорытындысы бойынша тақырыптың маңыздылығын және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ғылыми ынтымақтастыққа және осындай кездесулерді жалғастыруға ниеттерін білдірді.
Конференция материалдары «Қарлығаш» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының электронды жинағы Кәсіпорынның ресми сайтында жарияланады. Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Фотосуреттерді жүктеп алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз https://drive.google.com/drive/folders/1X8iERZZ2MBcM-Fzt3e9_r3R1M6HW41bd
Жинақты жүктеп алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз https://drive.google.com/file/d/14PmWH-YzbvYEcbX6obnfoKfn4_wTj08C/view