30 сәуір күні ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасында № 4 «Танимыз, ойнаймыз, дамимыз» тақырыбында педагогикалық кеңес форсайт сессия форматында ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы мен балабақшадағы дамытушылық ортаның жетілдіру жолдарын анықтау.
Бұл кеңесте педагогтер геймификация, кидзания, тик-ток бағыттары бойынша үш топқа бөлінді. Педагогтер өз тәжірибелермен бөлісіп ойларын ортаға салып, болашаққа өзекті ұсыныстарын берді.
Қорытындылай келе, жаңа оқу жылына «Жол картасы» жобасы талқыланып, тәрбиелеу – білім беру процесіне жаңа әдістер мен технологияларды кіріктіруді қарастырды.