ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде өткізіп тұрады.
Логопед балалармен келесі жұмыстарды жүргізеді:
● дыбыстарды дұрыс айту дағдысын дамыту;
● бұрын үйренген дыбыстарды анықтау және бекіту;
● фонетикалық тұрғыда таза, грамматикалық дұрыс сөйлеуді қолдану қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру;
● сөйлеу белсенділігін, фонематикалық естуді, зейінді, ойлауды дамыту;
● дұрыс тыныс алу дағдыларын дамыту;
● ұсақ моториканы және қимылдарды үйлестіруін дамыту.
Әр оқу жылында барлық топта бастапқы, аралық және қорытынды диагностика жүргізіледі. Бұл жұмыстардың мақсаты балалардың сөйлеу ақауларын түзету.