Еуразия ұлттық университетінде «Түлектердің кәсіптік дамуы және жұмысқа орналасуы: қазіргі еңбек нарығының үрдістері, тәуекелдері мен мүмкіндіктері» халықаралық форумы өтті. Сарапшылар өмір бойы білім беру, студенттердің кәсіпкерлік және кәсіби дағдыларын жетілдіру, жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру жобаларына қатысу мәселелерін кеңінен талқылады.
Форумға Кәсіпорынның персоналды басқару қызметі қатысып, «Орталық Азиядағы университеттердің дамуына еуропалық жобалардың әсерін бағалау», «Кәсіпкерлік білім беру бағдарламалары арқылы студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын арттыру», «Көпір салу: іскерлік желіні нығайту үшін университетте кәсіби байланыстарды дамыту тақырыптарында панельдік сессияларын тыңдады.