Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ҚАРЛЫҒАШ» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ МНЕМОТЕХНИКА ӘДІСІ

«Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын мнемотехника әдісі – есте сақтауды жеңілдететін және мнемокестелер мен графикалық суреттерді қолдану арқылы сөйлеуді дамытудың қарапайым әдісі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті.

Мнемотехника мыналарды дамытуға көмектеседі:

✔️ ассоциативті ойлау;

✔️ көру және есту жады;

✔️ көру және есту зейіні;

✔️ қиял;

✔️ жүйелі сөйлеу;

✔️ қолдың ұсақ моторикасы.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беріледі, себебі бала тек бөлшек бейнелерді ғана есте сақтап қалады, мысалы: шырша – жасыл, жидек – қызыл. Кейін бұл суретті қиындатып немесе басқа суретпен ауыстыруға болады.

Балаға мнемокестелердің көмегімен тақпақтарды, жұмбақтарды жаттап, ертегілерді әңгімелеп беру жеңіл әрі қолайлы. Құрылған кесте балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерін байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектесіп, сөздік қорын байытады.

Мнемотехника бойынша оқыту кезең-кезеңмен жүргізілгенде ғана нәтиже береді.