5 маусым күні «Қарлығаш» балабақшасында №5 қорытынды педагогикалық кеңес өтті. «Мақсаттан нәтижеге» тақырыбындағы педкеңес Digital форматында жасанды интеллекті қолдану арқылы өтті.
Педагогикалық кеңес аясында ұжым дәстүрлі түрде оқу жылын қорытындылап, өсу нүктелерін анықтап, жаңа оқу жылына мақсаттар қойды.
Балабақша әдіскерлері мен меңгерушілері жылдық жоспарды орындау аясында атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.
Отырыс соңында оқу жылының қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен педагогтерге балабақша әкімшілігі «Алғыс хат» табыстап, оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.